«Кедентранссервис» Қазақстандағы суық тізбек логистикасына заманауи тәсілді таныстырды
Көлік логистикасы саласындағы заманауи үрдістер мен халықаралықстандарттар, сондай-ақ Мемлекет басшысының Жапонияға сапары аясындақол жеткізілген уағдаластықтар Қазақстанның тұтас суық тізбекті дамытуғақатысты озық тәсілдерді іс жүзінде енгізуге көшуін айқындап отыр.
18 қыркүйекте Астана қаласында «Жапония – Қазақстан: өзарабайланыстылықты нығайту. Суық тізбекті жеткізу жүйесін дамытудағыынтымақтастық» атты дөңгелек үстел аясында «Кедентранссервис» АҚ-ныңтерминалдық қызмет және цифрландыру жөніндегі басқарушы директоры Даир Амиров компанияның азық-түлік және температураға сезімтал жүктердітасымалдау мен сақтау үшін заманауи логистикалық инфрақұрылымдыдамыту тәсілін таныстырды.
Баяндаманың негізгі назары азық-түлік қауіпсіздігі мен өнімнің бүкілтасымалдау жолында сақталуын қамтамасыз ету мәселелеріне аударылды. Суық тізбек — өндірушіден бастап соңғы тұтынушыға дейінгі барлықкезеңде қажетті сақтау және тасымалдау жағдайларын қамтамасыз ететінбірыңғай кешенді технология.
Мұндай тәсіл автомобиль және теміржол тасымалдарын, терминалдықөңдеуді, температуралық режимде сақтауды, жүктерді шоғырландыру мен бөлуді, сондай-ақ бүкіл маршрут бойындағы цифрлық мониторинг пен қадағалануды интеграциялауды көздейді.
«Кедентранссервис» компаниясының терминалдық желісін халықаралықстандарттарға сәйкес әртүрлі көлік түрлері мен заманауи цифрлықтехнологияларды біріктіретін кешенді логистикалық шешімдердіқалыптастырудың негізі ретінде дамытуға ерекше назар аударылды. БұлҚазақстанды халықаралық жеткізу тізбектеріне одан әрі интеграциялау үшінжаңа мүмкіндіктер ашады.