Жаңалықтар

«Қазақстанның экспорттық әлеуеті: контейнерлеу — әлемдік нарықтарға жол».

30 қыркүйекте Алматыда «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ және KTZ Express Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің қолдауымен «Қазақстанның экспорттық әлеуеті: контейнерлеу – жаһандық нарықтарға жол» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Іс-шараға мемлекеттік органдардың, «KTZ Express» АҚ, «Kedentransservice» АҚ, Maersk, QazTrade және қазақстандық экспорттаушы компаниялардың өкілдері қатысты. Қатысушылар контейнерлік тасымалдауды дамыту, экспорттық жүк ағындарын арттыру және логистикалық бағыттарды жетілдіру перспективаларын талқылады.

«Kedentransservice» АҚ және Maersk тараптар 2025 жылдың 7 сәуірінде қол қойған Ынтымақтастық туралы келісім аясында стратегиялық ынтымақтастығын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті және компаниялардың филиалдық желісінің нысандарында контейнерлік логистиканы, мультимодальды тасымалдауды және терминалдық қызметтерді бірлесіп дамыту ниетін білдірді.

‹ Барлық жаңалықтар

Самрұқ-Қазына e-Otinish