Компания туралы

Бүгінгі таңда біздің компания Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар одан тыс жерлерде де көлік-логистикалық қызметтер көрсететін толыққанды оператор болып табылады.

Біздің мақсат

«Қазақстанның жүйе құраушы көлік компаниясы ретінде біз Ұлттық экономика мен қоғамның терминалдық инфрақұрылымды басқарудағы қажеттіліктерін қанағаттандырамыз».

Біздің көзқарас

Біз экономикалық тиімділік, қауіпсіздік, әлеуметтік және экологиялық жауапкершілік қағидаттарына негізделген терминалдық инфрақұрылым қызметтерін ұсынатын жетекші компаниямыз.

Стратегиялық мақсат – «Бизнес ауқымын ұлғайту және қызмет тиімділігін арттыру есебінен капиталдандыруды ұлғайту».

Біздің стратегиялық мақсаттар

  • 1Терминалдық инфрақұрылымды басқару тиімділігін арттыру
  • 2Транзиттік тасымалдарды дамытуға жәрдемдесу
  • 3Клиенттердің қанағаттануын арттыру
  • 4Цифрландыру
  • 5ESG принциптерін енгізу
  • 6Өндірістік қызметтің қауіпсіздігіне кепілдік беру

Біз қызметтерімізді ұдайы дамытуға және қызмет көрсету барысында сапа, экология, денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы жоғары стандарттарға сай болуға бағытталғанбыз.

Сапа менеджменті сертификаттары

2021 жылы сертификаттық аудит нәтижелері бойынша Компания басқару жүйелерінің (сапа менеджменті жүйесі (СМЖ), қоршаған ортаны қорғау менеджменті жүйесі (ҚҚМЖ), денсаулық сақтау және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету менеджмент жүйесі (ДСЕҚМЖ)) халықаралық стандарттар талаптарына сәйкестігін растады.

2024 жылы Компания Еуразиялық экономикалық одақ елдеріндегі TÜV Rheinland эксклюзивті өкілі болып табылатын TÜV Rheinland Kazakhstan ЖШС өткізген кезекті бақылау аудитінен сәтті өтті. Аудит нәтижелері бойынша Компанияның интеграцияланған басқару жүйесінің ISO 9001:2015, ISO 14001:2015, ISO 45001:2018 халықаралық стандарттарының талаптарына сәйкестігі расталды.

Серіктестік қарым-қатынастар

50

Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР мен Еуропаның көліктік-логистикалық және операторлық компаниялары

150+

Көліктік-экспедиторлық компания — біздің клиенттеріміз

Бүгінгі таңда «Кедентранссервис» АҚ Орта және Оңтүстік-Шығыс Азия, ҚХР және Еуропаның 50 көліктік-логистикалық және операторлық компанияларымен серіктестік қарым-қатынастарды орнатып отыр. Бұған қоса, клиенттеріміздің қатарында 150-ден астам көліктік-экспедиторлық компания бар. Біздің серіктестерімізбен қызметтестікте Еуропа мен Азия аралығындағы көпір бола отырып, біз көліктік құзыреттілік пен әмбебап логистиканы құрастырудың орталығы атануға ұмтыламыз.

ЖҮКТЕРІҢІЗДІ ЖЕТКІЗУГЕ ДАЙЫНБЫЗ

Тарифті есептеу үшін өтінім қалдырыңыз немесе тікелей байланысыңыз: +7 (7172) 648 888, + 7 778 097 97 97

Самрұқ-Қазына e-Otinish